Бейжің Олимпиадасына барған 11 адамнан COVID-19 анықталды

Бейжің Олимпиадасына барған 11 адамнан COVID-19 анықталды
Sports.kz

Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

10 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 179 адам келді, оның ішінде 121 спортшы мен ресми өкілдер және 58 басқа тараптардың өкілдері. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша екі адамнан COVID-19 анықталды, барлығы спортшылар мен команданың ресми өкілдерінен.

Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 71 804 ПТР сынағы жасалды, оның 6 558-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 65 246-басқа тараптардың өкілдері тапсырды. Нәтижелері бойынша 9 адамнан коронавирус анықталды, бесеуі спортшылар мен командалардың ресми өкілдерінен, төртеуі басқа тараптардың өкілдерінен.