Бейжің-2022: шаңғышы Шыңғыс Ракпаров 43-орын алды

Бейжің-2022: шаңғышы Шыңғыс Ракпаров 43-орын алды
ҚР ҰОК

Бейжіңде Олимпиада ойындарының аясында шаңғы қоссайысынан жарыстар аяқталды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Бұл сында еліміздің атынан сынға Шыңғыс Ракпаров түскен болатын. Трамплиннен секіруден соң жерлесіміз 38-орынға жайғасқан еді. Ал шаңғы жарысында көшбасшыдан 7:35.2 минутқа қалыс қалды. Сөйтіп Ракпаров 43-орынға тұрақтады.

Жеңімпаз атағы норвегиялық Йорген Граабакқа бұйырса, екінші орынды тағы бір норвегиялық Лураас Офтебро (Норвегия) иеленді. Үздік үштікті жапониялық Акито Ватабе түйіндеді.