ҚХЛ: «Барыстың» плей-офф сатысындағы ойын кестесі белгілі болды

ҚХЛ: «Барыстың» плей-офф сатысындағы ойын кестесі белгілі болды

Елордалық «Барыс» командасының қатысуымен өтетін Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінің ойын кестесі белгілі болды. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Жарыстың аталған сатысында Ресейдің «Металлург» командасымен кездеседі. Алғашқы екі ойын 1 және 3 наурыз күндері Магнитогорск қаласында өтеді. Одан кейінгі екі кездесу 5 және 7 наурызда елордада болады. Алғашқы төрт кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда одан кейінгі ойындар 9 наурызда Магнитогорскіде, 11 наурызда Нұр-Сұлтанда, 13 наурызда Магнитогорскіде өтеді.

Айта кетсек, «Барыс» шығыс конференциясында сегізінші орынға тұрақтаса, «Металлург» екінші орынға табан тіреді.

Плей-офф сатысы алдында «Барыс» үш жолдастық кездесу өткізеді.