Таэквондошы Смайыл Дүйсебай Албаниядағы халықаралық сында күміс медаль ұтты

Таэквондошы Смайыл Дүйсебай Албаниядағы халықаралық сында күміс медаль ұтты
Olympic.kz

Албанияның Тирана қаласында таеквондодан Президент кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені Смайыл Дүйсебай салды. Ол 87 келіден жоғары салмақта күміс жүлдегер атанды. 

Турнир 20-23 ақпан аралығында өтіп жатыр.