Көркем гимнастика: Эльжана Таниева Ресейдегі гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Элжана ұршықпен жаттығуда күміс медаль иеленді. Бұл Таниеваның Гран-при турниріндегі алғашқы жүлделерінің бірі. 

Бұл жаттығу бойынша алтын медальді ресейлік Лала Крамаренко, қоланы оның отандасы Арина Аверина еншілеген. 

Айта кетелік, Эльжана Таниева Ресейдегі Ирина Винер-Усманова орталығында жаттығады. Бапкері - Яна Аринцева.