«Странджа кубогі»: қыздарымыздың ширек финалдағы қарсыластары анықталды

«Странджа кубогі»: қыздарымыздың ширек финалдағы қарсыластары анықталды
Prosports.kz

Қазақстандық қыздардың «Странджа кубогінің» ширек финалында бокстасатын қарсыластары анықталды.

Софияда өтіп жатқан турнирде жерлестеріміздің арасынан Ләззат Күнгейбаева (81 килограмм) алғаш болып жартылай финалға өтті. Осылайша Ләззат ешбір жекпе-жексіз-ақ қоржынымызға медаль салады. Тағы үш салмақта ширек финал қатысушылары анықталған жоқ.

Ал бес боксшымыз үшін аламан мерзімінен бұрын аяқталды.

Қазақстандық боксшы қыздар арасынан ширек финалға шыққандар:

Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін) - Анна Охота (Украина)

Назым Қызайбай (50 келіге дейін) - Лаура Фуертес Фернандес (Испания)

Балауса Мұздиман (54 келіге дейін) - Станимира Петрова (Болгария)

Дина Жоламан (54 келіге дейін) - Шэрон Приско (Италия)

Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) - Вилма Витанен (Финляндия)

Валентина Хальзова (70 келіге дейін) - Дарима Сандакова (Ресей)

Надежда Рябец (75 келіге дейін) - Елена Гапешина (Ресей)

Анастасия Баязитова (81 келіге дейін) - Сохиба Рузметова (Өзбекстан)

Валерия Аксенова (81 келіден астам) - Нандини (Үндістан).