Қанат Исламның жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Қанат Исламның жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді
Bugin.kz

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) кезекті кездесуін өткізуге дайын.

Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы – британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО). Былғары қолғап шеберлері Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) WBO Global нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Ал жекпе-жек ертең, 26 ақпан күні, сағат 7:00-де «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Еске салайық, бұл бокс кеші негізі 21 қаңтар күні өтуі керек еді. Бірақ коронавирустық шектеулерге байланысты кейінге шегерілді. 

Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 2021 жылдың 20 ақпанында Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өткізіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен эквадорлық Джейсон Миндадан (14-5-1, 8 КО) үстем болды.