Қазақстанда «E-sport» цифрлық платформасы іске қосылады

Қазақстанда «E-sport» цифрлық платформасы іске қосылады

Бұл – баласын спортқа бергісі келетін ата-аналар үшін еркін таңдау. Жаңалықты ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мәлім етті.

«E-sport» заманауи цифрлық платформа. Ол жерден қандай спорттық секциялар бар, жаттықтырушысы кім деген секілді барлық ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ «E-sport» платформасын тұтынушылармен қатар, спорт бойынша қызмет ұсынушылар да қолдана алады. «Мысалы, кез келген адам Яндекс, Индрайвер мобильді жүйесіне тіркеліп, такси қызметін ұсына алады ғой. Бұл жүйе де сондай. Спорттан жаттықтырушы немесе бапкер өз қызметін ұсынады», – деді Серік Жарасбаев.

Вице-министрдің айтуынша, спорт саласындағы аталған жаңашылдық жуырда іске қосылады. «Сіз өзіңізге жақын спорт түрін таңдайсыз, одан әрі сіз таңдаған спортқа қатысты барлық деректер шығады. Яғни секцияның мекен-жайы, жаттықтырушының санаты қандай тағы сол сияқты», – дейді ол.