Странджа кубогі: қазақстандық төрт боксшы қыз алтынға таласады

Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогі турнирінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.

Ақпанның 25-нен 26-сына қараған түні жартылай финалдық жекпе-жек мәресіне жетті. Нәтижесінде аталған турнирдің финалына қазақстандық боксшы қыздардың төртеуі шықты. Атап айтсақ, Болгария астанасында өтіп жатқан кіші әлем чемпионатының финалында алтынға Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбайева таласады.  Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген төрт бұрымды боксшымыз халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Олар – Римма Волосенко, Дариға Шәкімова, Надежда Рябец және Анастасия Баязитовалар қола медаль иегері атанды.

Айта кетейік, Страндж кубогы турнирінің финалистері арасында Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейден кейін екінші орында тұр. Елімізден 4 боксшы алтынға таласса, Ресейден финалға алты боксшы шықты.