Странджа кубогінде Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды

Странджа кубогінде Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды
inform.kz

Болгария астанасы Софияда бокстан Странджа кубогінің соңғы жарыс күнінде Дулат Бекбауов финалда қарсыласына есе жіберді.

Халықаралық турнирде Дулат Бекбауов 67 келіде Николай Тертерянмен қолғап түйістірді. Қарсыласы бес дүркін әлем чемпионы. Сондай-ақ ол жастар арасында Еуропа чемпионатында күміс жүлде алған. Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілердің жеңісті қай боксшыға беретіні жөнінде пікірі қақ жарылды. Нәтижесінде даниялық былғары қолғап шебері төрешілер шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Дулат Бекбауов Странджа кубогінің күміс жүлдесін қанағат тұтты.