Теннис: Заңғар Нұрланұлы Франциядағы жарыстың финалына шықты

Теннис: Заңғар Нұрланұлы Франциядағы жарыстың финалына шықты
inform.kz

Еуропаның 14 жасқа дейінгілер арасында 5-ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Парижде Tim Essone турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл айтулы жарыста кезінде Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис сияқты мықтылар жеңімпаз атанған еді. Дода барысында Заңғар әуелі аустриялық Максимиллиан Хейдельмайердің меселін қайырды. Сосын Францияның жасөспірімдер арасында бірінші ракеткасы Лени Кутурьені ұтты – 7:5, 6:7 (5:7), 6:4. Ширек финалда Нұрланұлы Ресейдің жарық жұлдызы Сава Рыбкинге бірде-бір гейм бермей, тас-талқан етті – 6:0, 6:0. Ал жартылай финалда ливандық Даниэль Жадтан айласын асырды – 6:1, 6:2. Кеше Заңғар Нұрланұлы финалда (елорда уақытымен сағат 20.00-де басталады) тағы бір франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салды.