Ресей мен Беларусь елінің биатлоншылары халықаралық жарыстардан шеттетілді

Ресей мен Беларусь елінің биатлоншылары халықаралық жарыстардан шеттетілді
Vesti.kz

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Ресей мен Беларусь елінің спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттеті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

IBU өзінің ресми сайтында таратқан ақпаратында 17 наурыз күні өтетін атқарушы комиссия жиынында Ресей мен Беларусьті тіпті одаққа мүшеліктен де шығарып тастауы мүмкін екенін жазылған. 

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық биатлоншылар одағы Ресей мен Беларусь елінің спортшыларына өз елінің ешқандай символикасын қолданбай, бейтарап спортшы ретінде қатысуға рұқсат берген еді. Содан соң Ресей құрамасы 2021/2022 жылғы маусымдағы қалған барлық жарыстарға қатысудан бас тартты.