Әлем чемионаты: Айдова алдыңғы ондықта

Әлем чемионаты: Айдова алдыңғы ондықта

Аидова 7-орында. Бейжің олимпиадасының аяқталғанына көп бола қойған жоқ. Ал конькишілер кезекті жарысқа кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір Норвегияның Хамаре қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қатысушылар арасында жерлестеріміз де бар. Ең тәуір көрсеткішке Екатирина Аидова қол жеткізді. Ол 500 метрлік бәсекеде 7-ші сатыға тұрақтады. Ал, онымен жұп құраған Фемке Кок алтын жүлдегер атанды. Голландиялық спортшы 500 метрді 37,78 секундта бағындырды. Аидова нәтижесі 0,67 секундқа кем. Үздік үштікті Австрия мен Польша өкілдері түйіндеді. Ерлер арасында қазақстандық Денис Кузин қос қашықты өнер көрсетті. 500 метрде 21-орын, ал 1000 метрде 18-орын алды. Норвегиядағы дода 7-ші наурызға дейін жалғасады.

ТАҒЫ БЕС ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.

Иорданияда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні шаршы алаңға 6 споршымыз шығып, 5-еуі келесі кезеңге өтті. Оның ішінде Бахтияр Анарбаев, Ақбар Бисараев және Ислам Советов жекпе-жектерін уақытынан бұрын аяқтады.

БАРЫС ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Ұзақ үзілістен кейін Құрлықтық хоккей лигасы қайта жанданды. Қазір плей-офф кезеңі өтіп жатыр. Бұл сында елордалық «Барыс» та өнер көрсететі. Қазақстандық клуб күні кеше «Металлург» командасымен екінші кездесуін өткізді. Магнитогорск қаласында болған матчта қонақтар есеп ашты. «Барыс» сапынан Якоб Лилья мергендігімен көзге түсті. Бірақ, артынша алаң иелері қарымта 6 шайба соқты. Қорытынды есеп: 6:2. Ал бірер күн бұрын «Барыс» жеңіске жеткен еді. Осылайша кездесулер сериясындағы нәтиже әзірге 1:1 болып тұр. Енді қос команда Нұр-Сұлтан қаласында тағы 2 кездесу өткізеді. Мачтар 5 және 7 наурызға жоспарланған. Айта кетейік, плей-офф кезеңі бір команданың 4-жеңісіне дейін жалағасады.