Бейжіңде бүгін паралимпиада басталады

Бейжіңде бүгін паралимпиада басталады

Елорда уақытымен 18:00-де Бейжіңдегі ойындардың ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ертең алғашқы жарыс күні. Бұл жолғы байрақты бәсекеге 50 елден 700-ден аса спортшы қатысады. Араларында жерлестеріміз де бар. Қысқы ойындарға 5 қазақстандық жолдама алды. Олар 2 бағыт бойынша, яғни парабиатлон мен парашаңғы жарыстарында бағын сыйнайды. Мәселен, ертең парабиатлон бойынша Сергей Усольцев пен Александр Герлиц жарысқа араласады. Қазір Бейжіңдегі ұлттық стадионда қызу қарбалас. Соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын шаңғышы әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов ұстап шығады.