Сырықпен секіруден жаңа әлемдік рекорд орнатылды  

Сырықпен секіруден жаңа әлемдік рекорд орнатылды   

Швециялық сырықпен секіруші Арманд Дуплантис осы спорт түрінен жабық кешендегі әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белградта өтіп жатқан Сербияның ашық біріншілігінде 6 метр 19 сантиметрді бағындырып, өзіне тиесілі алдыңғы жетістігін бір сантиметрге жаңартты.

Сондай-ақ 22 жастағы швециялық спортшы сырықпен секіруден әлемдік рекордқа да ие - 6 метр 15 сантиметр.