Бокстан Азия чемпионаты: қоржында әзірге 5 қола бар

Бокстан Азия чемпионаты: қоржында әзірге 5 қола бар

Қоржында 5 қола бар. Иордания астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 8 қызымыз жартылай финалға шыққан еді. Соңғы сында оның 5-еуі қарысыластарына есе жіберіп, қола жүлдегер атанды. Араларынан тек Карина Тоқубай финалға жолдама алды.

Жеңіл салмақтағы қазақ қызы жартылай финалда өзбекстандық спортшыны айқын басымдықпен ұтты. Енді Карина үндістандық боксшымен жолығып, чемпиондық атақты сарапқа салады.

Артынша орта салмақтағы Ұлдана Таубай мен Нұрсұлу Сүйенәлі де жеңіске жетті. Алғашқысы пәкістандық қызды техникалық нокаутпен ұтса, кейінгісі тағы бір Өзбекстан өкілін ұпай көрсеткішімен басым түсті. 

Иорданиядағы жарыстың жалпы қорытындысы 15 наурызда белгілі болады.