Кукушкин Indian Wells Masters турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Кукушкин Indian Wells Masters турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Masters турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінде жапониялық Есихита Нисиоканы жеңді.

2 сағат 8 минутқа созылған кездесу 6:2, 7:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, турнир 7-20 наурыз аралығында өтеді.