Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: тағы үш спортшымыз финалда

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: тағы үш спортшымыз финалда
Большая Азия

Амманда жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды. Төменде жартылай финалдық кездесулердің нәтижелері келтірілген. 

60 кг. Аруза Балғабек (Қазақстан) — Шахин Гилл (Үндістан) — 0:5

66 кг. Бақыт Сейдиш (Қазақстан) — Феруза Алижонова (Өзбекстан) — үшінші раундта Сейдиш техникалық нокаутпен жеңіске жетті

70 кг. Гаухар Шайбекова (Қазақстан) — Зая Мурад (Иордания) — Шайбекова бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті

81 кг. Камила Бажбенова (Қазақстан) — Снеха (Үндістан) — Баженова екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті

+81 кг. Әсел Тоқтасын (Казахстан) — Сахобат Хусанова (Өзбекстан) — 1:4.