Өскеменде балалар спортының болашағы бұлыңғыр болып тұр

Өскеменде спорт басқармасындағыларға шағым түсіп отыр. Тегін жұмыс істеуі тиіс балалар спорт клубтары қайтадан коммерциялық қызмет түріне көшуі мүмкін. Жаттықтырушылар ата-аналарға осылай деп хабарлаған. Мұндай шешімге өңірлік спорт басқармасының қаулысы себеп болған. Салалық ведомство мамандары бұл мәселе туралы қандай бір түсініктеме беруге дайын болмай шықты.

- Укомплектовать ребёнка на лед: повязка 5 тысяч, жилет 20 тысяч, коньки 80-70-100 тысяч.

Мұзда мәнерлеп сырғанаушының керек-жарағына жарты миллион теңге қажет екен. Ал хоккейшінің жабдықтары одан екі есе қымбат. Халықты кеңірек тарту үшін Қазақстанда спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру жобасы қолға алынған болатын. Жаттығу бюджет есебінен төленеді. Алайда Өскеменде бұқаралық спортқа бөлінген ақша таусылуға таяу –дейді спорт клубтарының жаттықтырушылары. Сондықтан сәуір айынан бастап ақылы болуы мүмкіндігін ескерткен.

Индира Нұржанова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Клуб басшысы әлеуметтік желі, ватсап арқылы осындай хабарлама жіберді. Сонда бізге алдын-ала ескертіп отыр ғой, сәуір айынан секциялар ақылы болатындығын.

Жаттықтырушылардан келген мұндай ақпараттан ата-аналар абдырап қалған. Ал облыстық спорт басқармасындағылар тіпті қалыптасқан жағдайды түсіндіруді қажет деп санамаған.

Мәдина Баяндінова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Менің екі қызым бір топта айналысады. Тиісінше төлемі де екі есе болады. Біз енді екеуінің біреуін жебереміз бе, әлде спортты мүлде қоямыз ба деп ойлап отырмыз.

Қарап отырсақ, өңірдегі кәсіби спорт клубтар мемлекет қазынасынан тұрақты түрде қаржыландырылады. Мысалы бір ғана жергілікті волейбол командасына биыл бюджеттен 800 миллион тенгеден астам қаржы бөлінеді екен. Ал барлық балалар спорт секцияларына небары 300 миллион тенге қаралған. Бұқаралық спортқа деген көзқарасты осыдан аңғарасың.

- Вот допустим у нас из расчета по формулам у нас получается 18 тысяч тенге мы обязаны платить.

Шығыс Қазақстанда жас спортшыға айына 18 мың тенге мемлекеттік дотация қаралған, Павлодарда 14 мың, Түркістанда одан екі мың тенге кем. Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Денис Рыпаковтың айтуынша, балалар спортын жан басына қаржыдандырумен шектелуге болмайды. Мемлекеттік дотациямен кәіби бапкерлері, заманауи спорт жабдықтары бар тиімді секциялар да қамтылуы керек

Денис Рыпаков, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы:

- Біз Қазақстан спортшылар одағымен бірлесіп, балаларды көбірек қамту, жаттығу бағдарламасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Дипломсыз, сертификатсыз бапкерлерді жұмысқа тарту бір жағынан бюджетке салмақ түсіреді.

Өткен жылы еліміз бойынша балалар спортына 6 миллиард тенгеден астам инвестиция жасалды. Бұл ақша кәсіби клубтарға бөлінетін қаржыны қысқарту есебінен алынды. Шығыс Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландырумен 7 мың спорт секциясы қамтылуы керек. Ал енді балалар үшін спортпен айналысу мұнда тегін бола ма, жоқ па деген сұрағымызға облыстық спорт басқармасынан жауап ала алмадық. Өткен қысқы Олимпиада ойындары отандық спорттың жағдайын нақты көрсетті. Әсіресе балалар спортына назар бөлетін кез келгендей.

Мағауия Қалиев Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин