Қазақстандық теннисші Еуропа рейтингінде 20 апта бойы көш бастап келеді

Қазақстандық теннисші Еуропа рейтингінде 20 апта бойы көш бастап келеді
ktf.kz

Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 20 апта бойы көш бастап келеді. Қазір Заңғардың еншісінде 505 ұпай бар. Сондай-ақ Қазақстаннан Дамир Жалғасбай 38-орында, Даниэль Тазабеков 129-сатыда тұр.

Junior Masters - Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік жас теннисшілері бақ сынайтын ірі жарыс. Онда кезінде Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты теннисшілер чемпион атанған. Дода Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.