Қазақстандық үш теннисші АҚШ-тағы Майами турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық үш теннисші АҚШ-тағы Майами турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисшілер Miami Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп жазады Olympic.kz.

Әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина екінш айналымда румыниялық Елена Габриэль Рузаны 6:4, 7:5 есебімен ұтты. 

Александр Бублик алғашқы кездесуде колумбиялық Даниэль Элахи Галанды жеңді. Келесі айналымда Бублик норвегиялық Каспер Руудпен өзара кім мықтыны анықтайды. 

Юлия Путинцева украиналық Леся Цуренконы 6:3, 4:6, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Келесі матчта ол испаниялық Паула Бадоспен жолығады.