Еліміздің көкпар құрамасы Өзбекстанда өткен халықаралық турнирде бірінші орын алды

Еліміздің көкпар құрамасы Өзбекстанда өткен халықаралық турнирде бірінші орын алды
inform.kz

Қазақ көкпаршылары Өзбекстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы спорт және дене шынықтыру комитетінен мәлімдеді. «Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен халықаралық турнирге 6 көкпар командасы қатысты. 23-24 наурыз күндері өткен дүбірлі додада ел құрамасы ерекше ойын көрсетті. Спортшыларымыз турнир жеңімпазы атанып, бас жүлдеге тігілген 200 млн сомды (8,6 млн теңге) қанжығаларына байлады», – деп жазылған комитеттің Facebook парақшасында. Ақтық ойында Өзбекстан құрамасымен сынға түскен жерлестеріміз 6:0 есебімен алаң иелерін ойсырата ұтты. Халықаралық сайысқа Өзбекстанның өзінен 4 команда қатысты.