Таеквондошы Әділет Базарбаев Spanish Open G2 жарысында күміс медаль иеленді

Таеквондошы Әділет Базарбаев Spanish Open G2 жарысында күміс медаль иеленді
kaztkd.kz

Қазақстандық таеквондошы Әділет Базарбаев халықаралық Spanish Open G2 турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан рейтингілік турнир мәресіне жетті.

Аталған аламанда 63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Әділет Базарбаев күміс медальге қол жеткізді.

Алматылық таеквондошы алғақы кездесуінде Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері таиландтық Тавин Ханпрабтан басым түссе, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы түркиялық Хакан Рекберді ұтты.

Осы медальдің арқасында Базарбаев 12 ұпай еншілеп, сол арқылы халықаралық рейтингтегі орнын жақсартады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға еліміздің атынан Ә.Базарбаевтан бөлек тағы бес спортшы қатысты.