ҚПЛ: «Каспий» топ басына шықты

ҚПЛ: «Каспий» топ басына шықты

Каспий топ басына шықты. Футболдан Қазақстан премьер лигасы жалғасып жатыр.

Кезекті, яғни 4-тур аясында «Каспий» және «Ордабасы» клубтары жолықты. Ақтау қаласындағы матчта алаң иелері есеп ашты. «Ордабасы» қорғаушысының аяғына тиген доп автоголға айналды. Бірақ артынша таразы басы теңесті. Шымкенттік клуб сапындағы Всеволод Садовский мергендігімен көзге түсті. Араға аз уақыт салып «каспийлік» Руан Телеш өз командасын алға шығарды. Айта кету керек, барлық гол бірінші кезеңде соғылды және таблодағы көрсеткіш ойын соңына дейін өзгермеді. 2:1 есебімен жеңіске жеткен Каспий 10 ұпаймен турнир тізімінің бірінші сатысына жайғасты. Ал Ордабасы әзірге 9-орында. Үздік үштікті Шахтер мен Қайрат түйіндеп тұр.

Тобыл және Атыраудың да ұпайлары тең. Айтпақшы, соңғысы осы жолы сырт алаңда Таразбен жолығып, 1:0 есебмен басым түсті.  Мақтаарал Астана матчында 0:3, Қызылжар Ақсу матчында  2:1, ал, Ақтөбе Шахтер матчында 1:1 есебі тіркелді.