Thailand Open: боксшы Серік Теміржанов жартылай финалға шықты

Thailand Open: боксшы Серік Теміржанов жартылай финалға шықты
ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Thailand Open халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген Серік Теміржанов ширек финалда қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ол жартылай финалдық жолдаманы Сингапур спортшысы Мохамед Ханурдин Бин Хамидпен сарапқа салды.

Өкінішке қарай, 52 келі салмақта бақ сынаған отандасымыз Сәкен Бибосынов таиландтық Танарат Саенфеттен 2:3 есебімен жеңіліп, жарысты сәтсіз аяқтады.