Головкин отандастарына қазақша сәлем жолдады

Головкин отандастарына қазақша сәлем жолдады

Алдыңгүні ғана қырыққа толып, бауырсақ жеп отырған Геннадий Головкиннің кешегі жеңісі қалың қазақтың мерейін тағы бір өсірді.

Ел мәре-сәре. Бір-бірінен сүйінші сұрап, сары баланың қырықта қамал алғанына мәз. Ең бастысы, елпеңдеген қарт та, «ержетіп мен де осындай боламын» деген баланың да айы оңынан туып, өздері жеңгендей болып жүр. 

Сонау Жапониядан ел-жұртқа, қазақстандықтарға арнайы алғыс айтып, қазақша сәлем жолдаған батырдың риясыз кейпі де қалың жұртты бір желпінтті. Оның елге сәлемін Qazaqstan ұлтттық арнасы жария етті.