Муратаны жеңген Головкин тарихқа енді

Муратаны жеңген Головкин тарихқа енді

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен ұтқан алғашқы боксшы атанды.

Бүгінгі Сайтамада өткен кездесуге дейін Мурата екі рет жеңілген, бірақ екеуі де төрешілер шешімімен. 2017 жылы ол француз Хассан Ндам Нжикамға (38-6, 21 КО) есе жіберсе, 2019 жылы американдық Роб Брантқа (26-3, 18 КО) жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, Муратамен кездесуде Геннадий орта салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарды иеленді.