Қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 36 орынға көтерілді

Қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 36 орынға көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштікте Новак Джокович, Даниил Медведев және Александр Зверев.

Қазақстандық Александр Бублик 36-орынға көтерілді. Кукушкин екі сатыға төмендеп, 162-орында. Дмитрий Попко төрт сатыға төмендеп, 173-орынға жайғасты. Тимофей Скатов әзірге 193-орында тұр.

Жұптық рейтингте Джо Сэлсбери (Ұлыбритания), Раджив Рам (АҚШ) және Мате Павич (Хорватия) көш бастап тұр.

Андрей Голубев 24-орнын сақтап қалды, Александр Недовесов пен Бублик бір сатыға төмендеп, 63 және 68-орындарға жайғасты.