Головкин әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр

Головкин әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр

Головкин әлемдік рейтингтің көшін бастады  

Головкин топ басына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альваресті ысырып, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына жайғасты. BoxRec сайтының жаңартылған тізімінде Генадий Головкин 691 ұпаймен көш бастап тұр. Ал, бұған дейін ұзақ уақыт үздік саналған Канело бір саты төмендеді. Бұған қоса, алдыңғы бестікте америкалық Теренс Кроуфорд, британиялық Тайсон Фьюри және украиналық Александр Усиктер бар. Айта кету керек, бұл барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтинг. Жерлесіміз бұл жетістікке соңғы жеңісінің арқасында қол жеткізді. Ол Жапония астанасында жергілікті Рета Муратамен жолығып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Соның арқасында, IBF, IBO және WBA тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атанды. Головкин бүгінге дейін 44 кездесу өткізіп, оның 42-сінде басым болды.