Аргентинада тыйым салынған затпен алаңға кірген 250 футбол жанкүйері ұсталды

Аргентинада тыйым салынған затпен алаңға кірген 250 футбол жанкүйері ұсталды

Аргентинада 250 футбол жанкүйері қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі стадионға жиналған бұл көрермендерден пышақ, есірткі және фосфорлы жарылғыш заттар табылған. Оқиға «Ривер Плейт» құрамасы мен «Аргентинос Хуниорс» клубының кездесуі кезінде болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталғандардың көбі «қауіпсіз стадион» бағдарламасына жағымсыз тұлғалар ретінде енгізілген жанкүйерлер болып шыққан. Бұл – Аргентинада футбол матчтарын қауіпсіз ету мақсатында қолға алынған жоба.