Юлия Путинцева әлемдік рейтингтің ТОП-50 қатарынан шығып қалды

Юлия Путинцева әлемдік рейтингтің ТОП-50 қатарынан шығып қалды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштікте польшалық Ига Свёнтек, чехиялық Барбора Крейчикова және испаниялық Паула Бадоса тұр.

Елена Рыбакина бір сатыға төмендеп, 19-орында, Юлия Путинцева алты сатыға төмендеп, 52-орынға түсті.

Зарина Дияс 113-орнын сақтап қалды.

Жұптық рейтингте чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, сондай-ақ бельгиялық Элиза Мертенс көш бастап тұр.

Қазақстандық Анна Данилина жұптық рейтингте 21-орыннан 20-орынға көтерілді. Рыбакина 54-орында қалды.