Шымкентте art-sport сынның астында қалды

Шымкентте балалар үйірмелерін қаржыландыруға тағы 1 млрд 400 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салалық мекеме жергілікті депутаттарға қосымша қаражат қажеттігін айтты. Аrt-sport-ты жан басына қаржыландыру жобасы сынға қалған еді.  Жобаға қатысқан бала саны бюджетте қарастырылған көрсеткіштен бес есе көп болғандықтан, үйірмелер бұл жүктемені көтере алмаған.  Қосымша бөлінген қаражат 12 мың балаға ғана жетеді. Ал үйірмеге тегін барған оқушы саны – 35 мың. Жауапты мекеме мамандары ақылы бөлімге ауыстырылатын балалар туралы ештеңе айтпады.  Жиі туындаған мәселе  салдарынан  басшылық та жиі ауысқан.  Құқыққорғау органдары мониторинг кезінде біраз   бұзушылықты   анықтаған. Оңай олжа тапқысы келгендер жалған медициналық құжат   жасап, оқу жоспарын да  өзгеден  ұрлап  алған. Балалар мен жаттықтырушылар санын қағаз жүзінде ғана  көбейткен. Аудиттен кейін жауапсыз кәсіпкерлер мемлекет қаржысын қайтарады.