Олимпиадаға қатысқан 17 жастағы тунистік спортшы жаттығу кезінде мерт болды

Олимпиадаға қатысқан 17 жастағы тунистік спортшы жаттығу кезінде мерт болды
Sportbox

Желкенді спорт бойынша Токио Олимпиадасына қатысқан тунистік бойжеткен 17 жастағы Эйя Гезгез жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды vesti.kz.

Яхта қатты желден аударылып түскен. Жаттығу кезінде оның қасында егізі Сарра да болған, алайда ол аман қалды.