«Алтын допқа» үміткерлер арасында көшбасшы анықталды

Франция құрамасы мен Мадридтің «Реалының» шабуылшысы Карим Бензема «Алтын доп» атағына үміткерлер тізімінде көш бастады.

Goal басылымының мәліметінше, екінші орынға «Баварияның» поляк шабуылшысы Роберт Левандовски жайғасқан, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Ал үздік ондыққа енгендер қатарында Мохамед Салах («Ливерпуль», Англия), Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), Лука Модрич («Реал», Испания), Садио Мане («Ливерпуль», Англия), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Англия), Винисиус («Реал», Испания), Фил Фоден («Манчестер Сити», Англия) мен Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль», Англия) бар.

Бензема Чемпиондар лигасы аясында «Реал» сапында соңғы екі ойында ПСЖ мен «Челси» қақпасына үш голдан соқты. Осылайша ол ЧЛ-де қатарынан екі матчта хет-трик жасаған төртінші футболшы атанып отыр. Бұған дейін мұндай көрсеткішке Луис Адриано, Криштиану Роналду мен Лионель Месси қол жеткізген.

Француздың еншісінде осы турнирде соққан 82 голы тағы бар.