ВТБ Біріккен лигасы: «Астана» соңғы орынға жайғасты

ВТБ Біріккен лигасы: «Астана» соңғы орынға жайғасты
prosports.kz

ВТБ Біріккен лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Астана» өз алаңында Пермьнің «Парма» клубынан жеңілді, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Осы жеңілістен соң елорда клубы турнирлің кестенің соңғы орнына мықтап жайғасты. Енді бұл нәтиже маусым соңына дейін өзгеріссіз қалады.

«Астана» сапында ең тәуір көрсеткіш 15 ұпай жинаған Антонио Кэмпбеллге тиесілі. Марк Тихоненко 14 ұпай жинаса, Олег Балашов – 10, Вадим Щербак – 7, Скайлар Спенсер – 6, Николай Бажин мен Рустам Мырзағалиев – төрт ұпайдан, Максим Марчук – 3, Дмитрий Гаврилов 2 ұпай еншіледі. 

ВТБ Біріккен лигасының 20-туры:

«Астана» – «Парма» – 65:82 (13:25, 14:12, 12:26, 26:19). 

«Астана» тұрақты чемпионаттағы соңғы ойынын 17 сәуірде Красноярскінің «Енисейімен» өткізеді.