Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Ташкентте әлем кубогінің кезеңіне қатысады

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Ташкентте әлем кубогінің кезеңіне қатысады

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің кезекті кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

15 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өтеді. 

Аталған байрақты бәсекеге Қазақстан сапынан Сәбина Бакатова, Дильназ Байленова және топтық жаттығу бойынша команда қатысады. 

Айта кетерлігі, Ташкенттегі әлем кубогінің кезеңі 17 сәуірге дейін жалғасады.