Футболдан Қазақстан біріншілігінде «Астана» «Каспийді» ірі есеппен жеңді

Футболдан Қазақстан біріншілігінде «Астана» «Каспийді» ірі есеппен жеңді
inform.kz

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің жетінші турының алғашқы ойын күні аяқталды.

Бұл күнгі екінші кездесу елордалық «Астана» мен ақтаулық «Каспий» командалары арасында өтті. Алты турдан кейін 13 ұпаймен «Каспий» көш басында тұрса, «Астана 9 ұпаймен әзірге бесінші орында келе жатқан еді. Ойын барысында елордалық команданың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Ойынның 14, 27-минуттарында Влут Рай «Астананы» алға шығарса, 42-минутта Макс Эбонг мергендік танытты. Кездесу нүктесін 59-минутта Марин Томасов гол салды. Осылайша «Астана» қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Турнир кестесінде 12 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал еншісінде 13 ұпай бар «Каспий» бірінші орынды сақтап қалды. Еске салсақ, бұдан бұрын қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда «Атырауға» 1:2 есебімен жол берді. Жетінші турдағы өзге ойындар бүгін, 23 сәуір күні өткізіледі.