Юлия Путинцева Ыстамбұл турнирінің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Ыстамбұл турнирінің ширек финалына шықты
ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстамбұл WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 76-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар өзара бес рет кездесіп, соның үшеуінде қазақстандық спортшы басым түскен еді. Бұл жолы Юлия Путинцева Петерсонды 6:2, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Юлия 1 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Юлия жартылай финалға шығу үшін әлемнің 41-ракеткасы, австралиялық Айла Томляновичпен таласады.