Футзалдан ел чемпионатында «Қайрат» екінші рет «Каспийден» ұтылды

Футзалдан ел чемпионатында «Қайрат» екінші рет «Каспийден» ұтылды
inform.kz

Футзалдан Қазақстан чемпионатында «Қайрат» тағы да «Каспийден» жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматылық клуб 2:0 есебімен алда келе жатқан еді «Қайрат» сапынан голдарды Савио мен Шыңғыс Есенаманов соқты. Алайда соңында 2:3 есебімен жеңіліс тапты. «Kаспий» командасынан Райымбек Жұма, Ерлан Қарақұлов және Арман Қаражанов голмен көзге түсті. Бір күн бұрын Ақтауда «Қайрат» «Каспийден» ұтылып қалған болатын – 1:4. Жеңіске жеткен құрамадан Тиаго Кабеза мен Арнольд Кнауб екі голдан соқса, «Қайрат» сапында Дәурен Тұрсағұлов ерекшеленді. «Қайратты» қатарынан екінші рет жеңген «Каспий» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтеріліп, 55 ұпайға ие болды. «Қайрат» 71 ұпаймен бірінші орында тұр.