Фьюри әлем чемпионы титулын қорғап қалды

Фьюри әлем чемпионы титулын қорғап қалды

Британиялық боксшы Тайсон Фьюри WBC версиясы бойынша ауырсалмақта өзінің әлем чемпионы титулын қорғай алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лондондағы шаршы алаңда отандасы Диллиан Уайтпен кездескен Фьюри жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Алтыншы раунда Фьюри қарсыласын дүркін-дүркін соққының астына алып Уайтты нокаутқа жіберді. Осылай Фьюри өзінің белбеуін қорғап шықты. Бірақ бокстағы мансабын аяқтайтынын айтты.

Тайсон Фьюри, кәсіпқой боксшы:

Әрине жанкүйрелер үшін Флойд Мейвезер стиліндегі жекпе-жектерге ұқсас кездесулер ұйымдастырылуы мүмкін. Ол рингте немесе аралас жекпе-жек түрінде өтуі де ықтимал.