Қарағандылық «Сарыарқа» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

Қарағандылық «Сарыарқа» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды
inform.kz

Кеншілер қаласының клубы турнирдің финалдық сериясында Көкшетаудың «Арлан» командасын қапы қалдырды.

Ойындар сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті. Қарағандылық клуб жетінші кездесуде қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Айта кетсек, «Сарыарқа» өзінің тарихында үшінші мәрте ел чемпионы атағын жеңіп алды. Қарағандылық клуб бұдан бұрын 2009/2010 , 2020/2021 жылдарда чемпион тұғырына көтерілді.