BoxRec үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

BoxRec үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады. Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді.

BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7

2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81

3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58

4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59

5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51

6. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07

7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96

8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69

9. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655

10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247.