Қазақстан хоккейшілері Әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақстан құрамасы Хоккейден Финляндияда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-жаттығу аясында жерлестеріміз Латвия командасымен қарымта кездесу өткізеді. Бұл матч Ригада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша, кешкі 10 жарымда басталады. Юрий Михайлис шәкірттері бірінші ойында латыштардан 0:5 есебімен ұтылған еді.

Әлем чемпионаты 13 мамырда басталады. Қазақстан құрамасы Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Франция және Италия командаларымен бірге «А» тобында өнер көрсетеді.