Хоккейден ӘЧ: Қазақстан Даниядан ойсырай жеңілді

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан Даниядан ойсырай жеңілді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Даниядан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Скандинавтар біздің құраманы аяған жоқ. Қорытынды есеп 9:1.

Даниялықтар алғашқы 5 минутта Қазақстан қақпасына жауапсыз үш шайба салды. Осыдан кейін ғана қазақстандықтар ес жиып, қарсы шабуылға көшті. Бірақ даниялықтар есепті еселеді. Біздің хоккейшілер біраз мүмкіндікті жіберіп алды. Тек ойын аяқталуға бір минут қалғанда ғана Кирилл Савицкий жалғыз шайбамен жауап қатты. Ертең Қазақстан құрамасы Франциямен ойнайды.