Алты боксшы қызымыз әлем чемпионатында ширек финалға шықты

Алты боксшы қызымыз әлем чемпионатында ширек финалға шықты

6 боксшымыз ширек финалда. Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Биылғы бәсекеге 73 елден 300-ден аса қатысушы жиналды. Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Жарыстың кезекті күні жеңіл салмақтағы Жайна Шекербекова мен Дина Жоламан қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Бұған қоса 48 келідегі Алуа Балқыбекова, 57 келідегі Карина Ибрагимова, 70 келідегі Валентина Хальзова және ауыр салмақтағы Гүлсая Ержан да жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Олар бүгін жартылай финал жолдамасын сарапқа сала бастайды. Қалған 6 қызымыз іріктеу сындарынан аса алмады. Оның ішінде басты үміт саналған Назым Қызайбай мен Дариға Шәкімова сәйкесінше Колумбия және  Өзбекстан өкілдеріне есе жіберді. Түркиядағы дода 20 мамырға дейін жалғасады.