Шымкентте теннис турнирінде Эмилио Нава жеңіске жетті

Шымкентте теннис турнирінде Эмилио Нава жеңіске жетті

Неміс теннисшісі Себастьян Фанзелоу мен америкалық Эмилио Нава Шымкент халықаралық турнирдің финалында сынға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жартылай финалда Эмилионың қарсыласы жарыстан бас тартқан соң, Америкалық спортшы шешуші сайысқа бірден өткен еді. Финалдық ойын тартысты өтті. Бірінші партияда 6:4 есебімен Нава алға шықты. Екінші сетте ойын тайм-брейкке дейін жетті. Мұнда да Эмилионың жолы болды. Қорытынды есеп: 6:4, 7:6. АҚШ теннисшісі жекелей сында Шымкент Челленджерінің жеңімпазы атанды.