loader

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік гимназиадада 28 алтын медаль жеңіп алды БҒМ баспасөз қызметі

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік гимназиадада 28 алтын медаль жеңіп алды

Дүниежүзілік гимназиадада оқушылар 72 медаль жеңіп алған, оның 28-і алтын, тағы 28-і күміс және 16-сы қола. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram-да жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оқушыларымыз таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс және әйелдер күресінен өткен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды» – деді министр. Оның айтуынша, қазақстандық білім алушылар мектеп оқушыларына арналған Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отыр.

«Бүгін Нормандияда жарыстың соңғы күні өтеді. Командаға күш-жігер, қайрат және жаңа жеңістер тілеймін. Біз сендерді мақтан тұтамыз», – деп жазды ведомство басшысы.