«Тұран» - «Ақтөбе» матчы өтпей қалды

«Тұран» - «Ақтөбе» матчы өтпей қалды

Сондай-ақ бүгін қатты жел мен шаңды дауылға байланысты Түркістанда «Тұран» мен «Ақтөбе» матчы өтпей қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойынның бас төрешісі Қазақстан кәсіпқой лигасының Әкімшілігімен бірлесіп, XII турдың «Тұран» - «Ақтөбе» кездесуін басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ойынның өтетін уақыты кейін қосымша тағы хабарланатын болады.