Отандастарымыз әлем чемпионатынан олжалы қайтты

Отандастарымыз әлем чемпионатынан олжалы қайтты

Қазақстандық жасөспірімдер Өзбекстанда өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 26 жүлде еншіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

1 алтын, 5 күміс және 20 қола. Командалық есепте құрама спортшылары үздік үштікке енді. Жаһандық жарыс тарихы терең Бұқара қаласында ұйымдастырылды. Елімізден 40-тан астам спортшы бақ сынасты. Қыздар да шеберлік байқатты. Жалғыз алтын жүлдені алматылық Олег Пехотин қоржынға салды. Финалдық сында өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

«Ал өзге отандастарымыздың бабы келіскенімен, кейбірінің бағы жанбады, ал енді бірінің жолына төрешілер тосқауыл болды», - дейді құрама жаттықтырушылары. Енді келер жылғы әлем чемпионатында есе қайтаруға мүмкіндік туады. Қазақстанның Қоян-қолтық ұрыс федерациясы ересектер арасында жаһан біріншілігін елімізде өткізу құқығын иеленіп отыр.

Олег Пехотин, қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы:

2 ай дайындалдық. 3 жекпе-жек өткіздім. Екінші кездесуім қиынырақ болды. Төрешілердің бұра тартқанына қарамастан жеңіп шықтым. Енді әлем чемпионатына дайындаламын.

Ринат Әбекешов, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы төрағасының орынбасары:

3 мемлекет негізгі осы. Өзбекстан, Ресей, Қазақстан. Келесі жылы осы әлем біріншілігін алайық деп отырмыз. Сондықтан дайындық мәселелерін қарап, зерттеп келдік осы жерге.