13 жасар Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр

13 жасар Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр
ҚТФ

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр. Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты. Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.